Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен қалалық семинар
- Информация о материале
- Создано: 19.10.2019, 21:54
- Просмотров: 1273
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ 18 қазан 2019 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен қалалық семинар өтті.
Семинардың тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында дамыта оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту»
Осы семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Сабыкова Гульшат Кайроллаевна және қала мектептерінің 31 мұғалімі қатысты.
Бағдарламаға сәйкес ұйымдастыру, практикалық және қорытынды бөлімдер кезегімен жүргізілді. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері бұл семинарда өздерін жоғары деңгейде көрсетті. Семинар қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдер бірлестік әдістемелігінің жетекшісі Дуйсембаева Г.Т.баяндамасынан бастап, ӘБ жұмысының тәжірибесімен бөлісті. Келесі практикалық бөлімге келген қонақтар ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Мұғалімдер: Бутагарина А.И, Нуркина Б.А, Ыбыраева А.С, Ыбыраева М.Д, Сактаганова Ж.Х, Баисеева А.Е дәстүрлі емес сабақ формаларын, алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды, оқушылардың танымдық қызметін дамытатын әдіс-тәсілдерді көрсетті. Семинар соңында коучинг өткізілді, қонақтар жүргізілген жұмыстарға кері байланыстар берді. Келген қонақтар №16 мектеп ұжымына алғыстарын білдіре отыра, шығармашылық табыс тіледі және осындай маңыздылығы мол семинарлар саны көбейсін деген пікір білдірді.