"Зерде" мектеп кезеңі 1-7 сыныптар арасында
- Толығырақ
- Құрылды Дүйсенбі, 25 Сәуір 2022 09:10
- Қаралды: 457
2022 жылғы 23 сәуірде 1-7 сыныптар арасында "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.
Іс-шараның мақсаты дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, олардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін қолдау болды. Оқушылар орыс, қазақ және ағылшын тілдері, тарих және өлкетану, химия және биология, медицина және психология сияқты түрлі бағыттағы зерттеу жұмыстары мен жобаларын ұсынды.
Қазылар алқасы оқушылардың түрлі жобаларын зерделеп, қарап шықты. Балалар мен ғылыми жетекшілерге зерттеу қызметін жетілдіру үшін ұсыныстар берілді. Оқушылардың үздік жұмыстары мақтау қағаздарымен марапатталды.