Спортпен дос болу-сау болу!
- Толығырақ
- Құрылды Сенбі, 11 Қыркүйек 2021 18:58
- Қаралды: 579
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында болашақ ұрпақ өкілдері шығармашылық негіздерін түсіне алатын балалар үйірмелерінің қызметін қайта жандандыруды тапсырды. Шынында да, қосымша білім болмаса, балалардың барлық әлеуетін ашу мүмкін емес. Сондықтан әр баланың сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысу мүмкіндігі болуы өте маңызды.
Дене шынықтыру сабақтарымен тығыз байланысты сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жалпы физикалық және спорттық дайындығын арттыруға, олардың дене шынықтырумен айналысуға деген тұрақты қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді. Осы жұмыс жүйесінде №16 ЖББМ 2021-2022 оқу жылының басынан бастап волейбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисі, футбол бойынша спорттық секциялар ұйымдастырылды, ойындар, жарыстар, спорттық мерекелер өткізіледі.