- Толығырақ
-
Құрылды Сенбі, 30 Сәуір 2022 18:15
-
Қаралды: 630
Біздің барлығымыз үшін басты міндет - бейбітшілікті, келісім мен өзара түсіністікті сақтау болды және солай болып қала береді. Тек бір ауыздылық пен бірлік, толеранттылық пен салмақтылық қана бізге барлық қиындықтарды лайықты жеңуге, бір-бірімізге қолдау, тірек болуға мүмкіндік береді! Сондықтан 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында мектепте «Біздің күшіміз бірлікте!» атты спорттық-шығармашылық конкурс өтті. Мәдени-көпшілік іс-шараны мектеп кәсіподағы ұйымдастырды.
Ашылу салтанатында мектеп директоры И. Б.Ельжасов және мектеп қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы А. Н. Винников конкурс қатысушыларын келе жатқан мерекемен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, отбасылық амандық, қиын жұмыста табыс, әр үйге бейбітшілік пен өркендеу, алдағы ойында жеңістер тіледі.
«Үздік спорттық буын» конкурсында 1 орынды бастауыш буын мұғалімдері, 2 орынды аға буын мұғалімдері, 3 орынды техникалық қызметкерлер ұжымы иеленді.
«Үздік спорттық бірлестік» конкурсында 1 орынды орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ, 2 орынды көркем – эстетикалық цикл мұғалімдерінің ӘБ, 3 орынды ағылшын тілі мұғалімдерінің ӘБ алды.
Сондай-ақ жеке сынақтарда жеңімпаздар белгіленді.