Ауыл мектебіне қамқорлық жасау
- Толығырақ
- Құрылды Дүйсенбі, 21 Ақпан 2022 09:05
- Қаралды: 397
Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында №16 жалпы білім беретін мектептің ұжымы «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Ленин жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ауыл мектебінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, оқу-әдістемелік мазмұнда және табысты тәжірибені таратуда педагогикалық қолдау мәселелерінде практикалық көмек көрсетеді.
18 ақпанда басшылар, басшылар орынбасарлары мен педагогтердің жеке кездесуі ұйымдастырылды. Жұмыс жоспары құрылды, қамқорлыққа алынған мектеппен шеберлік-кластар, семинарлар мен тренингтер өткізу жоспарланды. Сондай-ақ біздің мектеп пен «Қостанай қаласының білім бөлімінің №14 негізгі орта мектебі» КММ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде әкімшілік пен педагогтар шақырылды.
Іс-шаралар бағдарламасына сәйкес қонақтар А.А. Радченконың 1 «Д» сыныбының ашық сабағына және Н.В. Шпехт және Н.А. Гильдерман мұғалімдері ұйымдастырған 4 сынып параллельдеріндегі «Әдеби марафон» сыныптан тыс іс-шарасына қатысты. Мектебіміздің мұғалімдері Ж.И. Есенғазина, С.Т. Аймумедова «Формативтік бағалау-білім сапасын арттыру жолы» атты дөңгелек үстел өткізді, онда формативтік бағалауды 10 балдық жүйеде де, сондай-ақ мұғалім мен оқушылар арасында кері байланыс ұсынуда да қолдану және оқу процесін баллдар қоймастан түзетуге мүмкіндік беру тәжірибесін ұсынды. «Мектеп-мектепке» шеңберінде өзара ынтымақтастықтың механизмдері мен жаңа форматтары» дөңгелек үстелін өткізу кезінде А.Б. Мурзабекова мектептердің өзара іс-қимыл форматына өзгерістер енгізуді және қамқорлықтың жаңа моделін қалыптастыруды ұсынды.