Бірыңғай ата-аналар жиналысы
- Толығырақ
- Құрылды Сенбі, 22 Мамыр 2021 12:17
- Қаралды: 660
21 мамырда 5-9 сыныптардың ата-аналары үшін "Оқу жылының қорытындылары туралы" бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді. Онлайн режимінде оқу жылының аяқталуы туралы ата-аналар алдында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Ибраева Айман Елемановна сөз сөйледі. Сондай-ақ онлайн режимінде қосымша білім беруді дамыту өңірлік орталығының басшысы Елена Александровна Петренко кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті және девиантты мінез-құлқының алдын алу, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелер берді. Ата-аналарға тақырыптық әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, ұсыныстар жазылған буклеттер таратылды.
Ата-аналар жиналысының соңында мектеп директоры Ельжасов Ильяс Болатханович оқушылардың қауіпсіздігі, қорытынды аттестаттауды өткізу, Жазғы мектептің жұмысы және ағымдағы жылы жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша қорытындылар жасады.