- Толығырақ
-
Құрылды Сәрсенбі, 12 Мамыр 2021 17:05
-
Қаралды: 665
12 мамырда тәжірибе алмасу, әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл аясында №14 НББМ және №16 ЖББМ педагогтарына арналған «Білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдалану» коуч-тренингі өткізілді.
Коуч-тренинг аясында педагогикалық қоғамдастыққа Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің: «Online Mektep» платформасындағы интерактивті сабақ білім беру үдерісінің сапасын арттыру құралы ретінде» Франк А.С., Кравченко О. А. жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Математика мұғалімдері Кулик Н. Н., Колесник И. С. «Математика сабақтарында білім алуға уәждемені қалыптастыру үшін шеберханалар технологиясын пайдалану» бойынша негізгі аспектілерді ашты. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Дуйсембаева Г.Т., Мақсұт Ә.А. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында заманауи технологияларды оқыту нәтижелілігін арттыру құралы ретінде пайдалану» мәселесі бойынша өз ойларымен бөлісті.