Табысқа жету қадамдары: Қостанай қаласының №16 ЖББМ және №14 ЖББМ білім беру жүйелерін біріктіру, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік.
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 18:03
- Қаралды: 539
6 мамыр күні №14 жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне тәжірибе алмасу, әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл аясында мектепте «Білім беру процесінің тиімділігі мен сапасы: әдістер мен механизмдерге жаңа көзқарас» семинар-практикумы өткізілді.
Жұмыс жоспарына сәйкес Садуева К. С., Кадыров Д. К., Хазеева Л. Х., Дмитриева О. Н. «Мотивация арқылы білім сапасын арттыру» коучингі өткізілді. Педагогикалық қоғамдастыққа білім беру сапасын арттыруға жүйелі тәсілді іске асыру және мектептің білім беру практикасының тиімділігін анықтау бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Ашық сабақтарды математика пәнінің мұғалімі Н.Н. Кулик, бастауыш сынып мұғалімдері Н.Г. Жучкова, Т. В. Вяткина, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Э. М. Зубарева көрсетті. Рефлексияға мектеп психологы А. Е. Сеилханова жауап берді.