«Literary quiz» зияткерлік викторина
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 04 Наурыз 2022 16:41
- Қаралды: 412
4 наурыз күні ағылшын тілі мұғалімдерінің ӘБ апталығы аясында Иманова Г.С. және Есқалиева А. К. 7 сынып оқушылары арасында «Literary quiz» зияткерлік викторинасы өткізілді.
Іс-шара ағылшын әдебиетімен танысу арқылы оқушылардың лингвистикалық және аймақтық құзіреттілігін қалыптастыруға арналды. 7 сынып оқушылары түрлі тапсырмаларды белсенді және қызығушылықпен орындап, жақсы білімдерін көрсетті.
Викторина қорытындысы бойынша: 1 орынды 7 «А» сыныбы, 2 орынды - 7 «Г», 3 орынды - 7 «В» тобы иеленді. Барлық командалар мақтау қағаздарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.