«Балалар оқуының мәселелері» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел
- Толығырақ
- Құрылды Дүйсенбі, 21 Ақпан 2022 15:23
- Қаралды: 454
18.02.2022 ж. «Балалар оқуының мәселелері» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өтті. Компьютер мен заманауи гаджеттер балалардың уақыты мен оқуға деген ықыласын алып тастады. Ата-аналар балаларды оқуға мәжбүрлеу қиын деп шағымданады. Жиі кеңес алу үшін мұғалімдерге жүгінеді: баланың оқуға деген қызығушылығын қалай ояту керек?
Ата – аналардың сұрақтарына орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ю.М. Заводиленко жауап берді және осы мәселені шешу бойынша ұсыныстар берді. Балалардың кітап оқуы - ақпараттық қоғамдағы өмірдің кілті. Біз, мұғалімдер, ата-аналар, балаға жұлдызы жанғанын, құрдастары ортасында ол артта қалмауын, оны кезкелген жан құрметтеп бағалағанын тілейміз. Бірақ бұған қалай қол жеткізуге болады? Ата-аналар балаларға "оқырман" ортасы, кітап ортасы қажет екендігімен толық келіседі. Тек осы негізде терең рухани қажеттілікке айналатын оқуға деген ұмтылыс пайда болады.
«Оқырман» ортасы ең алдымен отбасында құрылуы керек. Отбасылық оқудың дәстүрлерін сақтаудағы әлемдік тәжірибе мынаны айтады: баланы мүмкіндігінше тезірек кітап пен оқуға — білім, идеялар, даналық пен тәжірибе қоймасына тарту керек. Кітап оқу - әр баланың жетістігінің кепілі!