Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына конкурс ашылды
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 18 Мамыр 2023 00:00
- Қаралды: 227
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына конкурс ашылды
Міндеттері: тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады; аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтарының тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады; педагогтерді іріктеуге қатысады, педагогтердің кәсіби дамуы, біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының әкімшілігі, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының, Қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді; білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді; мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын қамтамасыз етеді, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылы; білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады; тәрбие іс-шараларын жүргізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; кибер мәдениетті (компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибер гигиенаны (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар)дамытады; білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді; кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді; есепті құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді; ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді; мектеп парламентінің, пікірталас қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымының жұмысын ұйымдастырады; қоғамдық-пайдалы жұмысты ұйымдастырады «Қоғамға қызмет ету», «Отанға табыну», «Үлкендерге құрмет», «Анаға құрмет»; білім беру ұйымы түлектері қауымдастығын құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді; педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды; білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады; туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады; білім алушыларда патриоттық тәрбиені, іскерлік қарым-қатынас дағдыларды, тамақтану мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.