Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның №2 актісі
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 28 Қазан 2021 11:42
- Қаралды: 469
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның №2 актісі
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның №2 актісі
Орыс тілінен «Транспорт.Қайталау» тақырыбындағы ашық сабақ: 28 қазан күні мектеп қабырғасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Винникова Л.В. 5 «Б» сыныбында «Транспорт. Қайталау» тақырыбында орыс тілінен ашық сабақ өтті.
Оқушылар орыс тілінің беттеріне саяхат жасады: жұмбақтар шешті; әртүрлі көлік түрлерінің жарқын бейнелерінің артында «жасырын» сұрақтарға жауап берді; тақырыпты, негізгі ойды, сөйлеу түрі мен стилін анықтай отырып, мәтіндермен жұмыс жасады; сөйлемдердегі қателерді іздеп, сандық диктант орындады. Сабақ барысында оқушылар түрлі грамматикалық тапсырмалар орындады, сонымен қатар жол қауіпсіздігі ережелері мен бағдаршамның маңыздылығы туралы әңгімеледі.
Сабақтың нәтижесі орыс тілінде алған білімдерін жалпылау және жүйелеу ғана емес, сонымен қатар бесінші сынып оқушыларының жолда қауіпсіз жүру мәдениетін арттыру болды.
"Ақтөбеліктер - ұлт мақтанышы" көшпелі көрмесі: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында 5 "В" сынып оқушылары Дуйсенбаева Гульнар Темировнаның жетекшілігімен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе мемориалдық мұражайы "Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы" КММ базасында ұйымдастырылған "Ақтөбеліктер-ұлт мақтаныштары"атты көшпелі көрмені тамашалады.
Азаматтық құқықтық сана және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық құқықтық сана айлығы шеңберінде 2021 жылғы 27 қазанда мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгімелер мен дәрістер циклі жалғастырылды. Полиция қызметкерлері Ж.С. Тоқтаров, А. С. Исмаилов оқушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді.
"Шекарасыз мектеп" қалалық конкусында 2 орын: Иинклюзивті білім беруді дамыту және инклюзивті білім беру саласындағы педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында "Шекарасыз мектеп" қалалық сырттай конкурсы өтті. Бұл конкурсқа Қостанай қаласының 20 мектебі қатысты, олар өз тәжірибесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдемелерді іске асырады. Біздің мектеп 2 орын алды!!!
Директордың ҒӘЖ бойынша орынбасары Асель Балатемировна Мурзабековаға және шығармашылық командаға көрсеткен тамаша нәтижесі үшін рахмет: Күнсулу Сағидолловна Садуеваға, Айгуль Ауезқановна Есентемироваға, Светлана Анатольевна Иванинаға және біздің педагог-ассистентіміз Мария Ричардовна Пятунинаға.
Бәрекелді !!! Жарайсыңдар !!!
"Қазақ жерінің дана ұлы" - "Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл": "Оқырман мектеп - оқырман ұлт" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын орындау аясында 26 қазанда мектепте "Қазақ жерінің дана ұлы" - "Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл" атты ашық әдеби сағат өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муханова С.К. 9 "Г" сынып оқушыларын қазақ әдебиетінің классигі М. О. Әуезовтың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Оқушылар "Әуезов шығармашылығы" атты кітап көрмесін ұйымдастырумен қатар, ұрпақтарына қалдырған шығармашылық мұрасы туралы оқыды.