Мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасы - табысты тәрбиенің кепілі!
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 16 Қаңтар 2020 00:35
- Қаралды: 1919
15 қаңтарда жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті, онда директордың орынбасарлары Д.М. Токусарова мен В.М. Белоглазова екінші тоқсанның оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысын хабарлады. Психолог А.А. Есентемирова ата-аналармен жанжалдарды шешу тәсілдері туралы ұсыныстар берді. Әлеуметтік педагог А.Я. Райн ата-аналар комитетінің төрағаларын кәмелетке толмағандардың бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережесімен, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың негізгі тезистерімен таныстырды. Мектеп директоры И.Б. Елжасов ата-аналар қауымына жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізуге қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.