- Толығырақ
-
Құрылды Сенбі, 06 Тамыз 2022 09:02
-
Қаралды: 318
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МЖМБС-ДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КОНКУРС ТОҚТАТЫЛДЫ!
Дене шынықтыру мұғалімінің уақытша бос лауазымына конкурс жарияланады.
Міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; білім алушыда педагогқа құрметпен қарауды тәрбиелейді, іскерлік қарым-қатынас стилін және сөйлеу этикетін мұғалімнің аты мен әкесінің атын сыпайы қолдану немесе «мұғалім»деген тікелей жүгіну арқылы сақтауға үйретеді; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды жасайды; бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша түсініктемелермен талдау жүргізеді; журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді; оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді; инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды; білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілікті арттырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді; ата-аналармен немесе олардың өкілдерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады; тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.