Интернет-алаяқтықтың алдын алу.
- Толығырақ
- Құрылды Сәрсенбі, 22 Желтоқсан 2021 10:38
- Қаралды: 554
Бүгінгі таңда көпшілігіміздің өмірімізді ұялы телефондарсыз және интернетсіз елестету қиын. Азық-түлікке тапсырыс беру, төлемдерді төлеу, киім сатып алу адамды табу және тағы басқалар үйден шықпай-ақ жасалуы мүмкін, тек ұялы телефон немесе интернетке қосылған компьютер болуы керек. Бірақ егер кейбір адамдар үшін бұл уақытты үнемдеуге және өз өмірін мүмкіндігінше жеңілдетуге тамаша мүмкіндік болса, онда басқа «іскер» азаматтар үшін алаяқтық әрекеттер үшін үлкен алаң ашылады, олар интернетті қолданушыларды алдаудың жаңа әдістерін ойлап табуда.
Соңғы жылдары интернет-алаяқтық фактілерінің саны артып келеді. Әсіресе жиі кездесетін алаяқтық: Instagram әлеуметтік желілерінде, Kolesa.kz және OLX сайттарда. Сондай-ақ, OLX-де тауарларға тапсырыс беру схемасы өте кең таралған, онда курьер арқылы жеткізу ұйымдастырылады. Шын мәнінде, OLX сайтында мұндай қызмет жоқ.