Әлеуметтік карта
- Толығырақ
- Құрылды Сенбі, 27 Наурыз 2021 10:39
- Қаралды: 1051
Құрметті ата-аналар!
Бірнеше күннен кейін 7 жастан 14 жасқа дейінгі оқушылар мен зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік кезеңі аяқталады. Бұл дегеніміз, жолаушылардың осы санаты үшін жол жүру ақысы-150 теңге. Тағы да еске саламыз, тек «Қазпошта» АҚ-ның әлеуметтік картасы балаларға қоғамдық көлікте 40 теңгеге жол жүру құқығын береді. Банк карталары балаларға жеңілдікпен жол жүруді қарастырмайды.
Әлеуметтік картаны рәсімдеуге әлі үлгермегендердің барлығын жақын арада білім беру ұйымы арқылы немесе «Қазпошта» АҚ-ға жүгіну арқылы жасаңыз.
Барлық сұрақтар бойынша сынып жетекшісіне немесе мектептің әлеуметтік мұғаліміне хабарласыңыз.