Тәуелсіздік Құрдасы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Новикова Екатерина Георгиевна Науырзым ауданы Докучаевка ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетіне оқуға түсті. Институтты бітіргеннен кейін бірден № 16 ЖББМ өз мамандығы бойынша жұмысқа кірісті. Бұл мектепте 7 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. 

"Мен өз кәсібімді жақсы көремін, өйткені ол маған бір орында тұруға мүмкіндік бермейді, үнемі жаңа бір нәрсені іздеуге және табуға, балалар үшін, олардың нәтижелері үшін, болып жатқан барлық жағдайлар үшін алаңдауға мәжбүр етеді. Бүгін мен өзімді мектепсіз, баларларсыз елестете алмаймын. Маған өмірдің осы ырғағы, балалардың күлкісі, жаттығулар, жарыстар, алаңдаушылық, қуаныш пен Мәңгілік ізденістерге толы күндер қажет. Бірақ менің ойымша, балалармен жұмыс жасаудағы ең бастысы-олармен ортақ тіл табу, өзара түсіністік, өзара құрмет. Мен ҚР Тәуелсіздік жылы дүниеге келгенімді мақтан тұтамын, өйткені бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің нышаны болып саналады.

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығында мен тұрақтылық, өркендеу, мықты денсаулық, сәттілік, отбасыларда амандық, ел игілігі үшін табысты қызмет тілеймін. Мерейтойыңызбен, біздің сүйікті Қазақстан!»

Яндекс.Метрика