- Толығырақ
-
Құрылды Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 10:42
-
Қаралды: 749
Қостанай қаласының білім беру ұйымдары "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп қала мектептерінің оқушылары үшін ID карталарын еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Осыған байланысты, қаланың білім бөлімі тағы да ата-аналар қауымдастығына жүгінеді.
Құрметті ата-аналар! 1 сәуірде оқушылар мен зейнеткерлер үшін қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік кезеңі аяқталады. Ал бұл дегеніміз, жолаушылардың барлық санаты үшін жол жүру құны қолма - қол ақшамен-150 теңге болады. Сондай-ақ, банк карталарында жолаушылардың осы санаты үшін жеңілдікпен жол жүру қарастырылмаған.
Тек "Қазпошта" АҚ-ның әлеуметтік картасы ғана балаларға қоғамдық көлікте 40 теңгеге жол жүру құқығын береді.
Сондықтан әлеуметтік картаны ресімдей алмаған барлық адамдардан оны жақын арада білім беру ұйымы арқылы немесе өз күшімен "Қазпошта"АҚ-ға жүгіну арқылы жасауды сұраймыз. Барлық туындаған сұрақтар бойынша мектеп директорларына жүгініңіз немесе Қостанай қаласының білім бөлімінің жауапты тұлғасына телефон арқылы қоңырау шалуыңызға болады. - 54-99-54, 54-30-07.