- Толығырақ
-
Құрылды Жұма, 28 Шілде 2023 00:00
-
Қаралды: 184
Информатика мұғалімінің бос лауазымына конкурс жарияланады: 2 ставка
Міндеттері: оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді; білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; білім алушыда педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы сөйлеу немесе «мұғалім/учитель» тікелей сөйлеу жолымен қарым-қатынастың іскерлік стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды; бөлім үшін жиынтық бағалау және түсініктемелермен тоқсан үшін жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау жүргізеді; журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді; оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерделейді; инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттілігін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан режимде сабақтар ұйымдастырады; әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілігін арттырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.