Қамқоршылар кеңесі отырысының №1 хаттамасы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

"ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №16

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ"

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

"ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №16

ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ"

УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ 

ХАТТАМА

2025 ж. 18 ақпан

 

ПРОТОКОЛ

№1

 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

(қашықтықтан форматы)

Алқалы орган құрамында:

Төрайым – Марденова Г.С.

Хатшысы – Байрамов Р.В.

Қатысқандар: 13 адам (Дубинина И.И., Фишер А.В., Алиев К.И., Зайцева Е.В., Ростовцева А.В., Редман А.В., Павленко Д.А., Сафарян Л.В., Поликарпова Ю.Г., Суходолова А.Р., Ерина А.В., Зуева Т.В., Ельжасов И.Б., Райн А.Я )

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. 2025 жылға арналған Қамқоршылық кеңестің құрамы туралы Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысын таңдау. (Ельжасов И. Б., мектеп директоры);
  2. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен танысу. (Байрамов Р.В., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары).

1. ТЫҢДАЛДЫ: Ельжасов И.Б., мектеп директоры

Ильяс Болатханович  Қамқоршылық кеңестің отырыстарын өткізудің форматын ұсынды: күндізгі немесе қашықтықтан. Құрылған WhatsApp топта Кеңес мүшелері қашықтықтан байланыс форматына дауыс берді.

Дауыс бергендер: - 13, қарсы-0, қалыс қалғандар – 0.    

 

Ильяс Болатханович Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту туралы» «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 10-06/707 бұйрығымен таныстырды. Директор Қамқоршылық кеңестің құрамына мектеп директоры мен әкімшілік мүшелері кірмейтінін ерекше атап өтті.

Ельжасов Ильяс Болатханович Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Марденова Гульжан Сабыржановнаны сайлауды ұсынды.

Кеңес мүшелеріне Г.С. Марденованың кандидатурасы туралы қысқаша ақпарат берілді: біздің мектептің ата-анасы Марденова Гульжан Сабыржановна  3 баланың анасы, барлық балалар - №16 ЖББМ оқушылары, қосымша білім берумен айналысады. Гульжан Сабыржановна 4 жыл ата-аналар комитетінің төрайымы болды. Мектеп өміріне қызығушылық танытады, әрдайым мектеп бастамаларын қолдайды. Өте әдепті, сыпайы, Білімі бойынша «Психолог». Әрқашан өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайды, қарым-қатынастың этикалық нормалары мен принциптерін сақтайды. Оның қарым-қатынасы мен ізгі ниеті ата-аналар ұжымындағы қолайлы атмосфераға ықпал етеді.

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының 13 - тармағы негізінде Қамқоршылық кеңестің хатшысы болып директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байрамов Рустам Владимирович тағайындалсын.

 

 Дауыс бергендер: - 12, қарсы-0, қалыс қалғандар – 1.    

                                                                     

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  • Қамқоршылық кеңестің отырыстары қашықтықтан өткізілсін.
  • Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып сайлансын - Г. С. Марденова.
  • Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Р. В. Байрамов Қамқоршылық кеңестің хатшысы болып тағайындалсын.
  • Мектептің Қамқоршылық кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібіне қатаң сәйкес жүргізілсін.

Төрайымы                                   Марденова Г.С.

Хатшы                                         Байрамов Р.В.

                 Директор:                                      Ельжасов И.Б.

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика