Қамқоршылар кеңесі отырысының №5 хаттамасы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ

ӘКIМДIГIНIҢ БIЛIМ БӨЛIМIНIҢ № 16 ОРТА МЕКТЕБI» ММ

 

ГУ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 16

ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ»

ХАТТАМА

2020 ж. 25 тамыз

 

ПРОТОКОЛ

№ 5

 

 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Төрағасы – Джантасов Е. Н.

Хатшысы – Жамбалинова В. К.

Қатысқандар: 19 адам (Джантасов Е. Н., Сафарян Л. В., Бейсимбаева Ж. С., Павленко Д. А., Жамбалинова В. К., Дубинин С. Н., Шина Д. В., Михейлис У. В., Столбовская Е. Ю., СтепановаТ.Р., Тимощенко И. Н., Махчиян Т. К., Невмержицкая Д. Н., Ельжасов И. Б., Белоглазова В. М., Токусарова Д. М. Сандыбаева, М. Б.

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. 2019-2020 оқу жылына оқу-тәрбие үдерісі қорытындылары туралы (Токусарова Д. М., директордың ОІ жөніндегі орынбасары, Белоглазова В. М., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары);
  2. 2020-2021 оқу жылына тәрбие жұмысын жоспарлау (Сандыбаева, М. Б., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары);
  3. Білім алушыларды сабақтан тыс жұмысын ұйымдастыру туралы, (Сандыбаева, М. Б., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары);
  4. Жазғы демалысын және оқушыларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру қорытындылары туралы (Белоглазова В. М., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, Джантасов Е. Н., КС төрағасы.

1. ТЫҢДАЛДЫТокусарова Д.М., директордың ОІ жөніндегі орынбасары, Белоглазова В.М., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары.

Динара Михайловна 2019-2020 оқу жылының оқу үдерісі қорытындылары туралы ақпаратты, атап өткендей, оқушылардың оқу жетістіктер нәтижелілігі оң динамикасын көрсетеді. Алайда, статистика көрсеткендей, олимпиада қатысушылары болып барлық пәндер бойынша білім беру стандарттарын табысты игеріп жатқан  бірдей оқушылар болып табылады. Бұл мәселе проблемалық болып қалады: білім беру қызметі оқушылар үшін шығармашылық өзін-өзі анықтау, өзін-өзі дамытуға, алған түрлі танымдық тәжірибесі алу саласы болуы тиіс. Мектеп әкімшілігімен педагогикалық қызметкерлердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне ықпал ететін жұмыс жүйесін түзету бойынша қызмет жоспарланды

Василя Михайловна атап өткендей, тәрбие жұмысының қорытындысын талдай отырып, барлық жоспарланған іс-шаралар өткізілді. Тәрбие жұмысының сыныптар бойынша деңгейінде, сондай-ақ сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілді.  Аясында, жүйелі түрде құқықтық жаппай оқу сабақтар, сынып сағаттары, сыныптық іс-шаралары, демалыс каникул уақытында іс-шаралар жүргізілді.  Оқу жылы ішінде әр тоқсанның соңында міндетті түрде мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері қатысуымен  ата-аналар жиналысы өткізілген. білім беру процесінің барлық қатысушыларының психологиялық қолдау мақсатында мектепте психологиялық қызметінің жұмысы ұйымдастырылған.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.1 Принять информацию к сведению.

2. ТЫҢДАЛДЫСандыбаева М.Б., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары.

Майра Болатовна 2020-2021 оқу жылында тәрбие жұмысы мектептің бірінші басшысымен бекіткен жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын болады, деп хабарлады. Тәрбие жұмысының мақсаты: бәсекеге қабілетті, прагматикалық, күшті, шығармашылық, патриоттық тұлғаны қалыптастыру үшін  тиімді жағдай жасауды қамтамасыз ету. Тәрбие бағытындағы  жұмыс бағыттар бойынша жүргізіледі: қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, отбасы тәрбиесі, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие беру.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

2.1 Ақпарат назарға алынсын.

2.2 Тәрбиелік іс шаралар өткізуіне қолғабыс көрсету.

3. ТЫҢДАЛДЫ: Сандыбаева М.Б., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары.

Майра Болатовна оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруы мұқият жоспарлануы туралы мағлұмат берді. Мектеп оқушылары мектеп үйірмелері мен секцияларына, сондай-ақ одан тыс барады. Оқушылармен сабақтан тыс іс әрекет мектептегі үйірмелер, секциялар, факультативтер арқылы жүзеге асырылады. 2020-2021 оқу жылында білім алушылардың оқу жұмыс жоспарының вариативтік компоненті элективтік курстарымен, факультативтік сабақтармен, таңдау бойынша курстарымен, қолданбалы курстарымен, жеке және топтық сабақтарымен, консультациялармен, дамытушылық сипаттағы сабақтармен ұсынылған. Білім алушылардың мектептен тыс мекемелерінде қамтудың жоғары деңгейін атап өткені жөн. Сонымен, мектеп сабақтарынан басқа, балалар өз мүддесін қаланың музыка және көркем, сурет мектептерінде, БЖСМ спорттық секцияларда, аула клубтарында, ҚБШМ үйірмелерінде іске асырады.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

3.1 Ақпарат назарға алынсын.

4. ТЫҢДАЛДЫБелоглазова В.М., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, Джантасов Е.Н., Қамқоршылық кеңес төрағасы.

Василя Михайловна жазғы кезеңде бірқатар мектеп жанындағы бейіндік алаңдары жұмыс істеді деп ақпарат берді: "У истока" әскери-спорттық алаңы "Жас Сарбаз", "Ағылшын тілді елдер мерекелері", " Ұлыбританияның көрнекті орындары", "Ел тану", "Туған елім мақтанышым", "Волейбол", "Ақындық шеберлігі", "Математика" пәні бойынша мектептің олимпиадалық резерві, өлкетану алаңы"Атамекен " Экологиялық алаңы "Жасыл десант". Мектеп жанындағы алаңдармен қатар оқушылардың қашықтықтан жұмыспен қамту картасының жұмысы ұйымдастырылды. Әрбір жазғы апта  өзінің тақырыптық бағытына арналған: 1 апта – "Қазақстан – Отаным менің", 2 апта – " Саяхат уақыты ", 3 апта – "Отбасы – алтын бесігім", 4 апта – "Таза планета және жан дүние экологиясы", 5 апта - "Астананың тарихы – ел тарихы!", 6-апта - "Мейірімділік жолымен", 7 апта - "Біз салауатты өмір салты үшін", 8-апта – "Ғажайып әлемі", 9 апта – "Таланттар әлемі!", 10-апта – "Қазақстан – мейірімділік аумағы"/ "Жақсылық жаса!", 11 апта – " Ұлы даланың ұлы есімдері", 12 апта - "Жас ғалым!", 13-апта – "Конституция – мемлекет тәуелсіздігінің негізі".

Ермек Нурлыбекович, тікелей немесе қашықтықтан режиміндегі бейіндік алаңдары мен лагерьлер жұмысы жазғы кезеңде еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына  тәуелді болғанын атап өтті.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

4.1 Ақпарат назарға алынсын.

4.2 "Әдеби қонақжай", "Ел тану", мектептің олимпиадалық резерві, "Ақындық шеберханасы" жазғы мектеп жанындағы алаңдары жұмыстарының жоғары әдістемелік деңгейін атап өтуі жөн.

 

 

Төрағасы                                                     Джантасов Е.Н.

Хатшы                                                         Жамбалинова В.К.

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика