Қамқоршылар кеңесі отырысының №7 хаттамасы
- Толығырақ
- Құрылды Сейсенбі, 27 Қазан 2020 20:28
- Қаралды: 844
«ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКIМДIГIНIҢ БIЛIМ БӨЛIМIНIҢ № 16 ОРТА МЕКТЕБI» ММ |
|
ГУ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 16 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА ГОРОДА КОСТАНАЯ» |
ХАТТАМА 2020 ж.22 қазан |
|
ПРОТОКОЛ № 6 |
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Төрағасы – Джантасов Е. Н.
Хатшысы – Жамбалинова В. К.
Қатысқандар: 16 адам (Джантасов Е. Н., Сафарян Л. В., Бейсимбаева Ж. С., Павленко Д. А., Жамбалинова В. К., Дубинин С. Н., Шин Д. В., Михейлис У. В., Столбовская Е. Ю., СтепановаТ.Р., Тимощенко И. Н., Махчиян Т. К., Невмержицкая Д. Н., Ельжасов И. Б., Белоглазова В. М., Райн А.Я.)
Қатыспағандар: 0
КҮН ТӘРТІБІ:
- Жалпыға міндетті оқу қорынан халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары балаларына арналған жаңа жылғы тәтті сыйлық сатып алу үшін қаражат бөлу туралы (Райн, А. Я., әлеуметтік педагог).
ТЫҢДАЛДЫ: Райн А.Я., әлеуметтік педагог.
Анна Яковлевна Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысының 3 тармағы 2 тармақшасымен таныстырды.
Анна Яковлевна жоғарыда көрсетілген бұйрықтың негізінде халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары балалар, 78 адам санында тізімін бекітуді ұсынады, (тізімі қоса беріледі),
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары балалар, 78 адам санындағы тізімі бекітілсін, (тізімі қоса беріледі),
Төрағасы Джантасов Е.Н.
Хатшы Жамбалинова В.К.