Қамқоршылар кеңесі отырысының №1 хаттамасы
- Толығырақ
- Құрылды Сенбі, 05 Ақпан 2022 21:40
- Қаралды: 502
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №16 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
|
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №16 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
ХАТТАМА 2022 ж. 05 ақпан |
|
ПРОТОКОЛ № 1 |
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Төрағасы – Джантасов Е. Н.
Хатшысы – Жамбалинова В. К.
Қатысқандар: 16 адам (Джантасов Е.Н., Сафарян Л.В., Бейсимбаева Ж.С., Павленко Д.А., Дубинин С.Н., Шин Д.В., Го Тин-Шин Н.Н., Саяпина Н.Н., Жамбалинова В.К.,Столбовская Е.Ю., Азанбаева А.А., Котелевская Т.П., Абаева А.М., Ельжасов И.Б., Исимбаева Р.Б., Калимова А.К.)
Қатыспағандар: 0
КҮН ТӘРТІБІ:
- 2022 жылға арналған Қамқоршылық кеңестің құрамы туралы. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен хатшысын сайлау. (Ельжасов И. Б., мектеп директоры)
- «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен танысу. (Исимбаева Р.Б., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары)
- Қамқоршылық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы. (Исимбаева Р.Б., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары)
- Оқушылардың мектеп асханасында тамақтану үшін 10% жеңілдік ала отырып, қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігі туралы.
1. ТЫҢДАЛДЫ: Ельжасов И.Б., мектеп директоры
Ильяс Болатханович Қостанай облысы Білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту туралы» «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-нің 2022 жылғы 03 ақпандағы №122 бұйрығымен Қамқоршылық кеңес мүшелерін таныстырды. Директор Қамқоршылық кеңестің төрағасын, төрағаның орынбасарын және хатшысын сайлауды ұсынды.
Қамқоршылық кеңесінің жұмысына жауапты Исимбаева Р.Б. Ермек Нурлыбекович Жантасовты Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары болып Денис Александрович Павленконы, хатшысы болып Венера Какеновна Жамбалинованы сайлауды ұсынды.
Дауыс бергендер: -13, қарсы-0, қалыс қалғандар – 0.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Е.Н. Жантасов сайлансын.
- Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болып Д. А. Павленко сайлансын.
- Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып В. К. Жамбалинова сайлансын.
2. ТЫҢДАЛДЫ: Исимбаева Р.Б., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары
Исимбаева Р.Б. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің назарына «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығын жеткізді.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
2.1.Мектептің Қамқоршылық кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына қатаң сәйкестікте жүргізілсін.
3. ТЫҢДАЛДЫ: Исимбаева Р.Б., директордың ТЖ жөніндегі орынбасары
Исимбаева Р.Б. отырыс мүшелерін Қамқоршылық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Дауыс бергендер: -13, қарсы-0, қалыс қалғандар – 0.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
3.1. Қамқоршылық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
4. ТЫҢДАЛДЫ: Ельжасов И.Б., мектеп директоры
Ильяс Болатханович Қамқоршылық кеңес мүшелерін мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларынан үзіндімен таныстырды.
Мектеп директоры қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде тамақтану құнын 10% - ға төмендетуді көздейтін № 108 тармақты егжей-тегжейлі оқыды.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ақпарат назарға алынсын.
- Әлеуметтік желілерде, мектептің ресми сайтында, ата-аналар жиналыстарында және сынып сағаттарында ақпарат жариялау арқылы ата-аналармен және оқушылармен кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Төрағасы Джантасов Е.Н.
Хатшы Жамбалинов В.К.