Қамқоршылар кеңесі отырысының №19 хаттамасы
- Толығырақ
- Құрылды Сәрсенбі, 26 Қаңтар 2022 20:40
- Қаралды: 471
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №16 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
|
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №16 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
ХАТТАМА 2022 ж.25 қаңтар |
|
ПРОТОКОЛ № 19 |
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Төрағасы – Джантасов Е. Н.
Хатшысы – Жамбалинова В. К.
Қатысқандар: 12 адам (Джантасов Е.Н., Сафарян Л.В., Бейсимбаева Ж.С., Павленко Д.А., Дубинин С.Н., Столбовская Е.Ю., Токарева О.Ю., Котелевская Т.П., Калинина Т.Н., Ельжасов И.Б., Садуева К.С., Исимбаева Р.Б.)
Қатыспағандар: Михейлис У.В.
КҮН ТӘРТІБІ:
- 1-11 сыныптарда, МАДТ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, сабақтар мен қоңыраулар кестесін бекіту туралы.
ТЫҢДАЛДЫ: Садуева К.С., директордың ОІ жөніндегі орынбасары. Садуева К.С. 1-11 сыныптарда, МАДТ-нда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы сөз сөйледі. Ол ұжымды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ 24.01.2022 ж. №71 «Оқыту форматы бойынша» бұйрығымен таныстырды (№1 қосымша). Контингенті 600-ден астам білім алушы бар мектептер ауысымда мектептің жобалық қуатының 50% - ынан аспайтын толықтырумен штаттық форматта оқиды. МАДТ тәрбиеленушілері, 1-4-сынып білім алушылары – штаттық форматта оқиды, 5-11-сынып білім алушылары – әр түрлі ауысымдарды, кіші ауысымдарды ұйымдастырумен және жекелеген пәндерді қашықтықтан форматқа көшірумен ата-аналардың қалауын ескере отырып, штаттық форматта оқиды.
5-11-сыныптарда оқытудың аралас форматын қамтамасыз ету үшін Қ.С. Садуева №2 қосымшаға (қоса беріліп отыр) сәйкес шектеу шаралары аяқталғаннан кейін 25 қаңтардан бастап қашықтықтан оқыту форматына ауыстыруды, сондай-ақ қоңыраулар кестесін бекітуді ұсынды.
Дауыс бергендер: -12, қарсы-0, қалыс қалғандар – 0.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап карантиндік шаралар кезеңіне сабақтар мен қоңыраулар кестесі №2 қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
Төрағасы Джантасов Е.Н.
Хатшы Жамбалинов В.К.