Қамқоршылар кеңесі отырысының №4 хаттамасы
- Толығырақ
- Құрылды Сәрсенбі, 30 Наурыз 2022 00:00
- Қаралды: 272
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №16 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
|
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №16 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
ХАТТАМА 2022 ж. 30 наурыз |
|
ПРОТОКОЛ № 4 |
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Төрағасы – Джантасов Е. Н.
Хатшысы – Жамбалинова В. К.
Қатысқандар: 16 адам (Джантасов Е.Н., Сафарян Л.В., Бейсимбаева Ж.С., Павленко Д.А., Дубинин С.Н., Шин Д.В., Го Тин-Шин Н.Н., Саяпина Н.Н., Жамбалинова В.К.,Столбовская Е.Ю., Азанбаева А.А., Котелевская Т.П., Абаева А.М., Ельжасов И.Б., Исимбаева Р.Б., Калимова А.К.)
Қатыспағандар: 0
КҮН ТӘРТІБІ:
- 2021-2022 оқу жылының үшінші тоқсанында мектепте оқытуды ұйымдастыру туралы.
- Сабақ кестесін келісу туралы.
ТЫҢДАЛДЫ: Ельжасов И.Б., мектеп директоры.
Ильяс Болатханович Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Қостанай облысы бас мемлекеттік дәрігерінің 2021 жылғы 04 ақпандағы №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 09 ақпандағы №6 қаулысы негізінде рұқсат етілуі туралы таныстырды:
- ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда оқыту;
- бітіруші сыныптарға арналған аралас оқыту (9, 11 - сыныптар): пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан оқыту режимінде;
- сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту.
Қалалық маршруттық автобус жүргізушілерінің ереуіліне, қалалық маршруттық рейстердің тоқтатылуына байланысты мектеп директоры 5, 9, 11-сыныптардың оқу процесін ағымдағы жылдың 11 ақпаннан бастауды ұсынды.
Дауыс бергендер: -13 адам, қарсы-0, қалыс қалғандар – 0.
ТЫҢДАЛДЫ: Петрякова С.П., директордың ОІ жөніндегі орынбасары.
Светлана Петровна Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы» 2021 жылғы 11 ақпандағы №41 мектептің бұйрығымен таныстырды. 1-4 сыныптардағы кестені келесідей өзгертуді ұсынды (қосымша).
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- 5, 9, 11-сыныптарда оқу процесін 2021 жылғы 11 ақпаннан бастап ұйымдастыру ұсынылсын.
- Ыстық тамақтың сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін 1-4 сыныптардың сабақ кестесіне өзгерістер енгізу ұсынылсын.
- Барлық санитарлық нормалар мен талаптардың қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін.
Төрағасы Джантасов Е.Н.
Хатшы Жамбалинов В.К.