Қамқоршылар кеңесі отырысының №8 хаттамасы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №16 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №16 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ 

ХАТТАМА

2021 ж. 14 мамыр

 

ПРОТОКОЛ

№ 8

 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Төрағасы – Джантасов Е. Н.

Хатшысы – Жамбалинова В. К.

Қатысқандар: 16 адам (Джантасов Е.Н., Сафарян Л.В., Бейсимбаева Ж.С., Павленко Д.А., Дубинин С.Н., Шин Д.В., Михейлис У.В., Махчиян Т.К., Столбовская Е.Ю., Токарева О.Ю., Котелевская Т.П., Калинина Т.Н., Симонова Н.А., Ельжасов И.Б., Садуева К.С., Белоглазова В.М.)

Қатыспағандар: 0

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Жазғы мектеп кезеңінде оқушылардың оқуын ұйымдастыру туралы.
  2. Сабақ кестесін келісу туралы.

 

1. ТЫҢДАЛДЫ: Ельжасов И.Б., мектеп директоры

Ильяс Болатханович Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Жазғы мектепте оқу процесін ұйымдастыру туралы» 2021 жылғы 14 мамырдағы № 212  бұйрықпен таныстырды.

Бұйрыққа сәйкес:

  • Жазғы мектептің жұмысы 2021 жылдың 26 мамырдан 19 маусымына дейін ұйымдастырылады;
  • Жазғы мектепте оқыту барлық ниет білдірген білім алушылар үшін ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, тегін негізде жүзеге асырылатын болады, бұл ретте сабақтар үлгерімі нашар оқушыларға баса назар аудара отырып ұйымдастырылады;
  • 2021 жылдың 25 мамырына дейін ата-аналар қауымдастығымен, білім алушылармен және педагогтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

«Жазғы мектепте оқу процесін ұйымдастыру туралы»  2021 жылғы 14 мамырдағы  № 212  бұйрық назарға  алынсын.

2. ТЫҢДАЛДЫ: Садуева К.С. директордың ОІ жөніндегі орынбасары

Кунсулу Сагидолловна  Жазғы мектептің сабақ кестесін (1-қосымша) бекітуді және жазғы мектепте оқуға арналған пәндер тізімін, сондай-ақ ата-аналардың өтініштеріне (қосымшаларға) сәйкес оқушылардың тізімін келісуді ұсынды.

Дауыс бергендер: -13, қарсы-0, қалыс қалғандар – 0.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  • Жазғы мектептің одан әрі жұмысы үшін сабақ кестесі, пәндер тізімі ұсынылсын.
  • Барлық санитарлық нормалар мен талаптардың қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін.

Төрағасы                                                                Джантасов Е.Н.

Хатшы                                                                    Жамбалинов В.К.

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика