Ата-аналарға арналған ескертулер
- Толығырақ
- Құрылды Сейсенбі, 21 Ақпан 2023 19:01
- Қаралды: 262
Құрметті ата-аналар, балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін факторлардан қорғау бөлігінде ҚР заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігін еске саламыз.
???? Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды түнгі клубтарда, дискотекаларда тұтынуғатыйым салынады; («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 110-бабы).
???? Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 4-тармағы).
???? Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (таңғы 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін кәсіпкерлер мен ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабы, 442-бабы 1-бөлігі).
???? Балаларға баланың рухани және адамгершілік дамуына зиян келтіретін кинофильмдер мен мультфильмдер көрсетуді жүзеге асыруға тыйым салынады («Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы).