Оқу өнері – ойлау өнері

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

«Оқырман мектеп – оқырман ұлт» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын орындау аясында №16 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында «Оқу өнері – ойлау өнері»  ұранымен орыс тілі мен әдебиеті апталығының сыныптан тыс іс-шаралары өткізіледі.

19 қазанда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В. Рузняева 6 сынып оқушыларының қостанайлық ақын, педагог, қоғам қайраткері Суслова Александра Ильиничнамен кездесуін ұйымдастырды.

Оқушыларға автордың аузынан таңғажайып өлеңдерін тыңдап қана қоймай, онымен сөйлесуге, сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Александра Ильинична өзінің өмірі, шығармашылық қалыптасуы туралы айтып берді, сонымен қатар өлең жолдарын арнаған ұстаздары туралы естеліктерімен бөлісті. Ақынның ғажайып жанды шығармалары, дана сөздері мен кеңестері кездесудің әрбір қатысушысының жүрегіне үн қосты.

Яндекс.Метрика