Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің уақытша бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің уақытша бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру 

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 20 үй. Тел. 8(7142)22-05-77, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің уақытша бос лауазымына конкурс жарияланады (жүктеме 16 сағат).

Міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; білім алушыда педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы сөйлеу немесе "мұғалім/" тікелей сөйлеу арқылы іскерлік қарым-қатынас стилін және сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмаларды жасайды; бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша түсініктемелермен талдау жүргізеді; журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді; оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді; инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды; білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілікті арттырады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді; ата-аналармен немесе олардың өкілдерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады; тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 149 717 теңгеден бастап.

  1. Біліктілік талаптары:

- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе біліктіліктің орта деңгейіне қатысты 1995 жылға дейін XI педагогикалық сыныбы бар орта мектепті бітіргені туралы құжат;

  - және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

     - және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;

 

  1. Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 14 тамыздан 2024 жылғы 28 тамызға дейін жүзеге асырылады
  2. Электрондық немесе қағаз түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:
    • осы Қағидаларға 15 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);
    • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама - 075 / У (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);;
    • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
    • ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    • педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы 16 қосымшаға сәйкес.
    • ұзақтығы кемінде 10 минут, ең аз рұқсаты – 720 x 480 болатын өтілі жоқ кандидат үшін бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру).

          Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды https://hr-nobd.edu.kz портал арқылы жібереді. 

 

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика