Білім беру ұйымы басшысының (директорының) (негізгі орта, жалпы орта) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының  бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 20 үй. Тел. 8(7142)22-05-77, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  2. Білім беру ұйымы басшысының (директорының) (негізгі орта, жалпы орта) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс жарияланады (жүктеме 1 мөлшерлеме).
  3. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 20 үй. Тел. 8(7142)22-05-77, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  4. Білім беру ұйымы басшысының (директорының) (негізгі орта, жалпы орта) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс жарияланады (жүктеме 1 мөлшерлеме).

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. ТЖ ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді, кәсіптік бағдарлау жұмысын ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, ҚББ педагогтарының қызметін үйлестіреді. Тәрбие жұмысына талдау жүргізеді.

ТЖ бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, ТЖ мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді. Патриотизмді, азаматтықты, интернационализмді, жоғары сана мен адамгершілікті қалыптастыру, білім алушылардың жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамыту жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Тәрбие процесін қамтамасыз ететін әкімшілік, қызмет және білім беру ұйымы өкілдерінің қоғам және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді. Тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есепті және т.б. ұсынады (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес).

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 160 000 теңгеден бастап.

  1. Біліктілік талаптары:

білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог – сарапшы» немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – шебер» біліктілігінің болуы.

  1. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 5 наурызға 2025 жылғы 17 наурызға дейін жүзеге асырылады
  2. Электрондық немесе қағаз түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:
  • осы Қағидаларға 15 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптрына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама - 075 / У (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  • педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы 16 қосымшаға сәйкес.

          Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды https://hr-nobd.edu.kz портал арқылы жібереді. 

 

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

 

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика