Педагог - ассистент бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 24 Шілде 2025 11:56
- Қаралды: 13
Лауазымдық міндеттері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады; балалардағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын жасауға қатысады; ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетеді білім беру ұйымдарында және т. б. әзірлеуге және орындауға қатысады (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес).
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 130 000 теңгеден бастап.
- Біліктілік талаптары:
- Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс стажына талаптар қойылмайды.
- Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 24 шілдеден 2025 жылғы 04 тамызға дейін жүзеге асырылады
- Электрондық немесе қағаз түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:
- осы Қағидаларға 15 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптрына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама - 075 / У (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы 16 қосымшаға сәйкес.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды https://hr-nobd.edu.kz портал арқылы жібереді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.