Бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 20 үй. Тел. 8(7142)22-05-77, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

2. Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары 0,5 ставкасы бос лауазымына конкурс жарияланады.

Міндеттері: оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады; оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды; мемлекеттік стандартты, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді; педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады; білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді; қашықтықтан оқытуды жүргізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін реттейді; мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындылары бойынша білім сапасын талдайды, пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді; білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды; білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді; білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді; педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату жөнінде жалпылайды және шаралар қабылдайды; тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;  оқу зертханалары мен кабинеттерін заманауи жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады; жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім енгізеді; оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; белгіленген есепті құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді және кері байланыс ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды; оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді; педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 75256 теңгеден бастап.

3. Біліктілік талаптары:

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат,  педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

  • және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог – сарапшы» немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – шебер» біліктілігінің болуы.

4. Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 04 қаңтардан 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін жүзеге асырылады

5. Электрондық немесе қағаз түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
  • кадр есебі бойынша толтырылған парақ;
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • педагог-сарапшыдан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  • 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Заявление на допуск к конкурсу на занятие вакантной/временно вакантной должности

Оценочный лист

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика