Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына конкурс ашылды

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 20 үй. Тел. 8(7142)22-05-77, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

2. Білім беру ұйымы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына конкурс жарияланады.

Міндеттері: тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады; аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтарының тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады; педагогтерді іріктеуге қатысады, педагогтердің кәсіби дамуы, біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының әкімшілігі, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының, Қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді; білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді; мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын қамтамасыз етеді, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылы; білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады; тәрбие іс-шараларын жүргізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; кибер мәдениетті (компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибер гигиенаны (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар)дамытады;  білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді; кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді; есепті құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді; ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді; мектеп парламентінің, пікірталас қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымының жұмысын ұйымдастырады; қоғамдық-пайдалы жұмысты ұйымдастырады «Қоғамға қызмет ету», «Отанға табыну», «Үлкендерге құрмет», «Анаға құрмет»; білім беру ұйымы түлектері қауымдастығын құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді; педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды; білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады; туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады; білім алушыларда патриоттық тәрбиені, іскерлік қарым-қатынас дағдыларды, тамақтану мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 170 000 теңгеден бастап.

3. Біліктілік талаптары:

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жылды растайтын құжат;
  • және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог – сарапшы» біліктілігінің болуы немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – шебер» болуы.

4. Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 05 мамырда бастап 17 мамырдын дейін жүзеге асырылады

5. Электрондық немесе қағаз түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
  • кадр есебі бойынша толтырылған парақ;

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

Бос/уақытша бос лауазымға конкурсқа қатысуға өтініш

Бағалау парағы

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика