Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті "E-Salyq Azamat" тегін мобильді қосымшасын іске қосты (App Store және Play Market арқылы орнатуға болады), осы қосымшада Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қалыптасқан берешек сомасына алдағы төлемдердің сомасын білуге, сондай-ақ салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысуды жүргізуге мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ 2021 жылдың  20 қазанынан бастап «Азаматтық бақылау-Түбіртекті талап ет» акциясының қайта басталғаның хабарлайды. Қазақстан Республикасының халқы арасында чек беруді талап ету акция өткізу мақсаты жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың азаматтық белсенділігін арттыру және құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.

Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Қостанай қаласы бойынша  Мемлекеттік Кірістер басқармасы барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзушыларға бей-жай қарамауға және «Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет» акциясына белсенді қатысуға шақырады.

           https://youtu.be/-7X2cka9iG8

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика