Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді жэне мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналган үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер мннистрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Сонымен бірге, азаматтардың мекенжай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа үйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші түлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бүл тек азамат бір рет ақпарат алуға рүқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

Мүндай SMS алу үшін азамат "Мобильді азаматтар" базасында тіркелуі тиіс. Тіркеуді эр азамат өзі жүргізе алады (egov.kz порталындағы "Жеке кабинетке" кіріп, "телефон" бағанында өз телефонының нөмірін корсету немесе өзгерту қажет жэне оны өзінің ЭЦҚ-мен растауы керек) немесе ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жүгінсе болады (қызмет тегін көрсетіледі жэне 5 минут уақытыңызды алады).

Естеріңізге сала кетейік, бүған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын эртүрлі ұйымдарға үсыну үшін 20 миллионная астам анықтаманы басып шығаратынын анықтады, олардың жартысына жуығы - мекенжай анықтамалары. Мекенжай анықтамалары негізінен жүмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ эртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сүратылған.

Осылайша, мекенжай анықтамаларының күші жойылған кезде азаматтардың ХҚО-ға келу саны 10 миллион есе азаяды.

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика