Ойыншық сыйла қайырымдылық акциясы
- Толығырақ
- Құрылды Сенбі, 08 Желтоқсан 2018 10:44
- Қаралды: 2205
2018 жылдың 5 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында біздің мектепте құқықтық тәрбие айлығы аясында балалармен зорлық-зомбылық және қатыгез қарым-қатынастың алдын алу іс-шаралар циклы өтті. Сонымен қатар, мектеп кітапханасында "Құқық әліппесі" тақырыптық көрмесі мен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты сынып сағаттары және суреттер конкурсы өтті.
Мектеп мектептен тыс ұйымдармен белсенді жұмыс істейді. Іс-шараларды өткізуде оқушылар мен олардың ата-аналары белсенді қатысатын қайырымдылық акциялары ерекше танымалдыққа ие болады. №16 ОМ құқықтық тәрбиелеу айлығы шеңберінде Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығымен бірге 1-4 сынып оқушылары арасында "Облыстық балалар ауруханасына ойыншық сыйла" атты акциясы өткізілді. Балалар мен олардың ата-аналары басқа балаларға немқұрайлы қарым-қатынасын көрсете отыра, осы акцияға үлкен ықыласпен қатысты. Біздің рухани жаңаруымыздың негізі, адамдарға жақсылық жасауға ұмтылу болып табылады. Өйткені, көмекті қажет ететін көптеген адамдар бар. Жақсылықты жасау ешқашан да кеш емес,өйткені тек жақсылық жасау бұл әлемді құтқарады.
«Мейірімділік - адамдардың жанын жылытатын күннің көзі. Табиғаттағы бар жақсы-күннен, ал өмірдің ең жақсысы адамнан» (М. Пришвин)