Отандық мәдениеттің тереңіне саяхат
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 11 Қазан 2019 22:55
- Қаралды: 1698
Осы жылдың қазан айында Қостанай қаласындағы №16 орта мектебінде көптен күткен «У истока» атты этнографиялық орталықтың ашылуы өтті. Осындай орталықты құру бастамашысы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мархабат Даирқызы Ибраеваның айтуынша, балалардың кіші отанына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, өз отандастары үшін мақтаныш сезімін ояту, XIX-XX ғасырдағы тұрмыстық заттармен таныстыру, экспонаттарды сабақтарда және сыныптан тыс іс-шараларда қолдану, көне заттарды сақтау үшін ойланған.
Біздің «У истока» орталығымызда қазақ киіз үйінің сыртқы түрі, оның ішкі құрылымы мен жабдықтары жаңғыртылып, өткеннің шаруашылық-тұрмыстық іс-әрекеті мен еңбек қызметі, түрлі кәсіпшіліктер мен қолөнер туралы түсінік беретін әртүрлі экспонаттар жасалған. Экспозиция қоры оқушылардың қазақ мәдениеті дәстүрімен жасалған бұйымдарымен, көне заттармен толықтырылады деп болжаймыз.
«Біздің балалар бақытты шынайы және лайықты болашағы үшін туған жерінің өткенін білуі және сүйюі, оның табиғатын қорғауға тиісті. Ал кез келген халықтың болашағы-бұл жаңа ұрпақ. Әлбетте, егер біз жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта жаңғыртқымыз келсек, ол бірінші кезекте, отандық мәдениетіміздің тереңдігін игеруге тиіспіз. Оның негізі-халық мәдениеті. Онда адам мен табиғат бірлігінің гуманистік идеялары; ұлттықтан жоғары сипатты қалыптастыру үшін тұрақты бағдарлар: еңбекқорлық, мейірімділік, сөзге деген адалдық, ерлік, туған жерге деген махаббат енгізілген» - деп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В. М. Белоглазова өз сөзін білдіреді.
Халық мәдениеті бастауыш сынып оқушылары үшін қол жетімді түрде: ойындар, әндер, ертегілер, жұмбақтар, костюмдер, үй жабдықтары. Бұл әлем өте жарқын және мәнерлі, сондықтан балаларға қызықты. Мектеп этнографиялық орталығы отандық мәдениетінің тереңдігіне саяхат жасауға басталатын орын бола алады.
Дегенмен, ұйымдастырушылар қойған басты мақсат-рухани-адамгершілік тәрбие. Оқушылар халық шығармашылығының жүрегіне көз жүгіртуге тырысуы керек, қазақ тұрмысының рәмізін түсінуге, тұрмыстық ою-өрнектердің құпиясын ашуға, «қазақ даласының даналығын» үйренуі керек. Акцент қазақ халқының рухани қоймасы мен дағдысын түсінуге қойылған: мерекелердің тақырыптарына және күнтізбенің атақты күндеріне арналған суреттер, үздік шығармашылық жұмыс сайыстары, жобалау қызметі.
Этнографиялық орталықтың ашылу идеясын мектеп директоры Ильяс Болатханович Ельжасов белсенді қолдады. Ол мұның бәрі білім алушыларды белсенді шығармашылық қызметке қосуға көмектеседі, ол тек мектеп курсы пәндерін ғана емес, сонымен қатар музей педагогикасы базасында қосымша білім беру пәндерін практикада қолдануға және біріктіруге мүмкіндік береді деп сенеді. Центр жалпы ортақ қосымша білім беру жүйесімен жақсы үйлеседі, салт - дәстүрлерді, мерекелерді, халық шығармашылығын, өнерді зерттеу арқылы әр түрлі халықтардың рухани мәдениетіне қызығушылық тудырады, жалпыадамзаттық, адами қасиеттерді, адамдар арасындағы қарым-қатынас ережелерін қалыптастырады, шығармашылық қабілеттілікті дамытады, бабалардың өткенін танып білуге, зерттеуге және шынайылығын талдауға мүмкіндік береді, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамытуға ықпал етеді, ал ең бастысы, жас ұрпақты өлкетану ісіне араластырады.