Ата-аналардан ақша қаражатын алуға жол бермеу туралы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектептің оқу-тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызды бағыт болып табылады.

Оқу жылы бойы мақсатты жұмыстар жүргізіледі: сынып сағаттарын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға "неге адам адал болуы керек" (1-4 сыныптар), "адал Қазақстан – тұтас мемлекет" (5-8 сыныптар), "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" (9-11 сыныптар) сынды сынып сағаттарының тақырыптары енгізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы мәселе жалпымектептік және сыныптық ата-аналар жиналысы барысында қаралады.

Ақша қаражатын алуға жол бермеу аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында «Ақша қаражатын алуға жол бермеу туралы» бұйрықтар құрылды: 01.04.2021 ж. №119, 23.05.2020 ж. № 186, 11.09.2019 ж. №299. Осы бұйрықтармен мектепте жұмыс істейтін барлық мұғалімдер таныстырылды. Мектептің әрбір педагогына ақшаны заңсыз жинағаны үшін жеке жауапкершілік туралы ескертілді.

Ақшалай қаражат алуға жол бермеу, мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы мәселе 2021 жылғы наурызда директор жанындағы кеңесте, 2021 жылғы қаңтарда ата-аналар жиналыстарында, 2021 жылғы наурызда бастауыш, орта және аға буын сынып жетекшілерінің ӘБ отырыстарында қаралды.

Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін ұсынымдық сипаттағы тақырыптық жадынамалар жасалды.

 Айта кету керек, 2019-2020 оқу жылы аяқталғаннан кейін оқу сыныптарында жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ, тек техникалық қызметкерлердің күшімен кабинеттерді мұқият тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алды деп ойласаңыз, 8 775 802 46 06 (мектеп директоры), 22-05-77 (қабылдау бөлмесі) телефонына хабарласыңыз.

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика