Спортпен дос болу-сау болу!

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында болашақ ұрпақ өкілдері шығармашылық негіздерін түсіне алатын балалар үйірмелерінің қызметін қайта жандандыруды тапсырды. Шынында да, қосымша білім болмаса, балалардың барлық әлеуетін ашу мүмкін емес. Сондықтан әр баланың сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысу мүмкіндігі болуы өте маңызды.

Дене шынықтыру сабақтарымен тығыз байланысты сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жалпы физикалық және спорттық дайындығын арттыруға, олардың дене шынықтырумен айналысуға деген тұрақты қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді. Осы жұмыс жүйесінде №16 ЖББМ 2021-2022 оқу жылының басынан бастап волейбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисі, футбол бойынша спорттық секциялар ұйымдастырылды, ойындар, жарыстар, спорттық мерекелер өткізіледі.

Ойындар жарысының қорытындысы: 9-11 сыныптар арасында волейболдан: 1 орын-10 "Б", 2 орын – 9 "А", 3 орын – 9 "Д". "Жеңіл атлетика" жарыстары бойынша 8 сынып оқушылары арасында: 1 орын-8 "В", 2 орын – 8 "Б", 3 орын – 8 "Д". Шағын футбол жарыстары бойынша 7 сынып оқушылары арасында: 1 орын-7 "Д", 2 орын-7 "Б", 3 орын – 7 "А". 6-шы сыныптар арасында "Тордан жоғары доп лақтыру" жарысы бойынша: 1 орын – 6 "В", 2 орын – 6 "Б", 3 орын – 6 "Е". "Жалпы дене шынықтыру" жарыстары бойынша 5 сынып арасында: 1 орын-5 "В", 2 орын – 5 "А", 3 орын – 5 "Г". "Қақпаға доп" жарыстары бойынша 4 сынып оқушылары арасында: 1 орын-4 "Б", 2 орын – 4 "Е", 3 орын – 4 "В". "Допты торға" жарысы бойынша 3 сынып арасында: 1 орын-3 "Б", 2 орын – 3 "Д", 3 орын – 3 "Г". "Көңілді старт" жарыстары бойынша 2 сынып арасында: 1 орын-2 "Д", 2 орын – 2 "Б", 3 орын – 2 "В".

      

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика