Ішімдік және басқа да психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 25 Қазан 2019 10:05
- Қаралды: 1812
«Азаматтық құқықтық сана және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы шеңберінде 2019 жылғы 24 қазанда «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-де жоғарғы сыныптар үшін «Ішімдік және басқа да психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында «Қостанай облыстық психологиялық денсаулық орталығы» КМК психологы Юлия Борисовна Платонмен сұхбат алаңы өтті.
_200x150-equal.jpg)
Балаларға «Жүректі қорғау», «Темекі–бұл зиян», «Спайс өмірге қауіпті!» және т.б. түсіндіру жұмысында қауіпті жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері, сондай-ақ іс-әрекет алгоритмі туралы ақпарат жеткізілді.
Білім алушылардың нашақорлық проблемасына қатысты ақпаратты анықтау және алу мақсатында ПБЗ-ға тәуелділікке тарту тәуекелінің деңгейін анықтауға анонимді сауалнама жүргізілді.
