Балалардың отпен ойнауы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

Жедел қызметтердің мәліметтері бойынша көбінесе мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың өлімі мен жарақаттануы өрттердің пайда болуы, жол ережелерін бұзу, өзендер мен көлдерде шомылу, жұқа мұзда ойнау немесе коньки тебу кезінде болады. Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ата-аналар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті.

Балаларды өмірлік жағдайларда қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:

  • баламен сөйлесіп, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;

  • балалардың сіріңке, оттық сияқты заттарға қызығушылығын байқасаңыз, ұлыңызға немесе қызыңызға оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда шыққан оттың күші  қиындықтар әкелетіні туралы айтыңыз;

  • балаларға тұрмыста, көшелер мен жолдарда дұрыс жүріс - тұрыс үлгісін көрсетіңіз;

  • баланың күні бойы жүрген жерін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат бойы ата-аналардың бақылауында, қамқорлығында және назарында болуы тиіс;

  • балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақытын бақылаңыз;

  • өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электрмен қыздырғыштардың, басқа электр жабдықтарының, пешпен жылытудың жарамдылығы мен пайдаланылуын қадағалаңыз;

  • төтенше жағдайларда: 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел жәрдем, 104 – газ қызметіне хабарласыңыз.

Жолдағы қауіпсіздік

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

Жыл сайын біздің елімізде балалар жол-көлік оқиғаларының құрбаны болып қалуда. Күн сайын Сіз сыртқа шығып, жол қозғалысына қатысасыз. Көбінесе балалар жол ережелерін бұзады немесе оларды мүлдем білмейді. Енді осы жадынаманы оқып, негізгі ережелерді есте сақтайық және оларды бұзбайтын болайық.

Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Пайдаланушы бағалауы: 5 / 5

Жұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсенді

Кеңес мақсаты: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Заңын орындау, кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыру, оларға адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін дарыту. Алдын алу кеңесі құқық бұзушылықтың алдын алу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.

Алдын алу Кеңесі қызметінің міндеттері:

  • оқушылар арасындағы құқық бұзушылық проблемаларының жай-күйіне мониторинг жасау;
  • құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйені құру және жұмысты ұйымдастыру;
  • кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуына, олардың қылмыс, құқық бұзушылық, қоғамға жат іс-әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
  • әлеуметтік қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-педагогикалық оңалту;
  • кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қарсы қызметке тарту жағдайларын анықтау және жолын кесу.
Яндекс.Метрика