Назар аударыңыз, оқу эвакуациясы!
- Толығырақ
- Құрылды Сәрсенбі, 17 Мамыр 2023 23:43
- Қаралды: 206
17 мамырда мектепте төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық бойынша жаттығулар өтті. Оқу-жаттығулар ҚР Премьер-Министрі А.А. Смаиловтың тапсырмасына сәйкес бүкіл ел бойынша өткізілді. Оқу-жаттығулар шеңберінде: ТЖ жағдайлары туындаған кезде қызметкерлердің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің іс-қимыл алгоритмі, персонал мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру, техникалық құралдардың жұмыс істеуін тексеру пысықталды. Оқу-жаттығуға полиция қызметкерлері қатыстырылды.