Олимпиада-2019
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 25 Қазан 2019 19:33
- Қаралды: 2252
2019 жылы 25 қазанда мектепте 5-7 сынып оқушылары үшін олимпиада және 2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту;
- дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау;
- жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың келесі кезеңдеріне оқушыларды іріктеу және дайындау.
Олимпиадаға қатысушылардың орнын анықтау кезінде құзыретті қазылар алқасы келесі нормаларды басшылыққа алды: 1 орын тапсырмалардың кемінде 85% дұрыс орындаған қатысушыға, 2 орын – 84 – 75%, 3 орын – 74 - 65% тапсырмаларды дұрыс орындаған қатысушыға беріледі.