Облыстық мастер-класс
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 22 Қаңтар 2026 20:54
- Қаралды: 16
2026 жылғы 22 қаңтарда ҚММ «IQOSTANAY» Оқушылар сарайының базасында «Methodical UPGRADE: тәжірибе, талдау, инновациялар» атты облыстық семинар өтті.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Қадырбаева Н.Ж., Иманова Г.С., Алабаева С.К. «Зерттеуші бақылауындағы AI: қателіксіздік иллюзиясынан тексерілетін фактілерге дейін» тақырыбында интерактивті мастер-класс өткізді.
Қатысушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасады. Мастер-класс «Нейрожелілер» атты сергіту жаттығуынан басталып, одан кейін AI-контенттің сапасын бақылауға арналған сервистерге шолу және дұрыс промпт құрастыру қағидаттарын қамтыған теориялық бөлім ұсынылды.
Практикалық бөлім үш тапсырмадан тұрды: AI-сервистерді олардың сипаттамаларымен сәйкестендіру, алты қадам бойынша жеке промпт құрастыру және жасанды интеллект жасаған мәтінді талдап, фейк және псевдоғылыми ақпаратты анықтау. Топтардың жұмыс нәтижелері бірден слайд арқылы тексеріліп отырды.
Талқылау барысында қатысушылар фейк мәтіндердің көбіне сенімді әрі ғылыми көрінетінін, алайда тексерілетін дереккөздерге сүйенбейтінін, бұлыңғыр тұжырымдарды қолданатынын және фактілерді эмоциялар мен пікірлермен алмастыратынын атап өтті.
Мастер-класс «Researcher-controlled AI» рефлексиясымен және «Алтын чек-лист» табыстаумен қорытындыланды..

_350x263-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)
_263x350-equal.jpg)
_263x350-equal.jpg)