×

Назар аударыңыз

Lack of access rights - File '/images/collective/Мартыненко%20В.А..jpg'

"Шекарасыз мектеп" қалалық конкусында 2 орын

Пайдаланушы бағалауы: 5 / 5

Жұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсенді

"Шекарасыз мектеп" қалалық конкусында 2 орын: Иинклюзивті білім беруді дамыту және инклюзивті білім беру саласындағы педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында "Шекарасыз мектеп" қалалық сырттай конкурсы өтті. Бұл конкурсқа Қостанай қаласының 20 мектебі қатысты, олар өз тәжірибесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті тәсілдемелерді іске асырады. Біздің мектеп 2 орын алды!!!

Директордың ҒӘЖ бойынша орынбасары Асель Балатемировна  Мурзабековаға және шығармашылық командаға көрсеткен тамаша нәтижесі үшін рахмет: Күнсулу Сағидолловна Садуеваға, Айгуль Ауезқановна Есентемироваға, Светлана Анатольевна Иванинаға және біздің педагог-ассистентіміз Мария Ричардовна Пятунинаға.

Бәрекелді !!! Жарайсыңдар !!!

Үздік мектеп мұражайы - 2 орын

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

"У истока" этнографиялық орталығының жетекшісі Мақсұт Ә.А., облыстық «Үздік мектеп мұражайы» байқауының қалалық кезеңінде 2 орын алды!

Барлық бастамаларыңыздың сәтті аяқталуын тілейміз! Бұл соңғы жетістігіңіз  болмасын, өмір өзініңізді дәлелдеуге және құрметке,  көптеген марапаттарға ие болуға көптеген мүмкіндіктер берсін!!!

5-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданың қорытындылары туралы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

  

2021 жылғы 12-16 сәуір аралығында 5-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға 10 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті – 2, орыс тілі мен әдебиеті – 1, информатика – 1, химия – 1, Қазақстан тарихы – 2, ағылшын тілі – 2, математика-1. Қазылар алқасының шешімі бойынша 5-8 сынып оқушылары арасында жүлделі орындар саны – 5, оның ішінде 1 орын - 2, 3 орын – 3.

Жылдың үздік психологы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

Қостанай қаласының білім беру мекемелерінің психологтары арасында «Жылдың үздік психологы» қалалық конкурсында 2 орын алған Сейлханова Аида Ерикбаевнаны құттықтаймыз.

Алда көптеген керемет оқиғалар мен лайықты жеңістер күтіп тұрсын! Конкурстағы жеңісіңізбен құттықтаймыз! Біз қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалмауды және көбірек білуге  ұмтылып әрі қарай дамуды тілейміз. Әрқашан көздеріңнің ынта-жігері жанып, мүмкіндіктер ашылсын

Әріптестерімізге алғыс хаттар!!!

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

Әріптестерімізге алғыс хаттар!!! Мектеп орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін "Назарбаев Зияткерлік мектептері"ДББҰ-дан Алғыс хат алуымен құттықтайды.

НЗМ  №16 ОМ мұғалімдері О.А. Кравченко, А. С. Франк, Л. В. Винникованың шығармашылық еңбегін жоғары бағалай отырып, OnlineMektep жобасына белсенді қатысып,  еліміздің болашағы – өскелең ұрпақтың саналы, өз Отанына адал қызмет ететін ерен тұлға болып өсуіне қосып келе жатқан зор үлесіңіз үшін үлкен алғыс білдіреді. Мектеп ұстаздарымызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға  амандық, шабыт және жұмыста табыс тілейді!

Шығар шыңдарыңыз әрқашан да биік болсын!

«Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімі» - 3 орын!

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

Шын жүректен Бекетова Айнур Файзуловнаны тамаша нәтижемен құттықтағымыз келеді! «Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімі» қалалық байқауында 3 орын! Айнур Файзуловна, Сіз өзіңіздің жоғары шеберлігіңізді, кәсіби қызметіңізде үлкен жетістіктерге жетуге деген ниетіңізді көрсеттіңіз. Тамаша бастау! Байқауда біздің мектепті лайықты көрсеткендеріңіз үшін, батылдық үшін рахмет.

Сізге алдағы уақытта да жеңістер, жақсы және білімқұмар оқушыларды, өз күштеріңізге деген сенімділік және  сәттілік тілейміз. Жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, әрдайым өзіңе сенімді болуды тілейміз! Барлық армандар, барлық жоспарлар орындалсын! Біз сізді мақтан тұтамыз!!!

"Инновациялық сабақ - мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы".

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

«Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында  дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау мақсатында 30 қазан мен 2 қараша аралығында "Инновациялық сабақ"шеберлік сыныбы өтті. Облыстық байқауға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кинтаев Медет Сункарович белсенді қатысты. Оның «Ойындардағы техникалық әдістерді зерттеу»  сабағы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп әріптестері мен оқушылары Медет Сункаровичті  облыстық байқаудағы лайықты және сенімді жеңісімен құттықтайды!

Медет Сункарович, Сізге қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмауыңызды, әрқашан да алға басып және шыңдарды бағындыруыңызды тілейміз. Табысқа жету жолында әрдайым бақытты жұлдыз жарқырай берсін!

Үздік жыл психологы - 2019

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес

Есентемирова А.А. 3 место10 қазан күні Республикалық «Үздік жыл психологы – 2019» байқауының облыстық кезеңі өтті. №16 ОМ педагог-психологы Есентемирова Айгүл Аузқановна  III жүлделі  орынға ие болды.

 

 

Яндекс.Метрика