Табысқа жету қадамдары: Қостанай қаласының№16 ЖББМ және№14 НББМ педагогтары арасындағы білім беру үдерісіндегі желілік өзара әрекеттестік.

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

12 мамырда тәжірибе алмасу, әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл аясында  №14 НББМ және №16 ЖББМ педагогтарына арналған «Білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдалану» коуч-тренингі өткізілді.

Коуч-тренинг аясында  педагогикалық қоғамдастыққа Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің: «Online Mektep» платформасындағы интерактивті сабақ білім беру үдерісінің сапасын арттыру құралы ретінде» Франк А.С., Кравченко О. А. жұмыс тәжірибесі ұсынылды.  Математика мұғалімдері Кулик Н. Н., Колесник И. С. «Математика сабақтарында білім алуға уәждемені қалыптастыру үшін шеберханалар технологиясын пайдалану» бойынша негізгі аспектілерді ашты. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Дуйсембаева Г.Т., Мақсұт Ә.А. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында заманауи технологияларды оқыту нәтижелілігін арттыру құралы ретінде пайдалану» мәселесі бойынша өз ойларымен бөлісті.

Директордың ОІ жөніндегі орынбасары К. С. Садуева қорытындылау кезінде: «Желілік өзара іс-қимыл кезінде тек ынтымақтастық, түрлі материалдар мен инновациялық әзірлемелермен алмасу ғана емес, білім беру мекемелерінің бірлескен жобалармен жұмыс істеу, бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру процесі жүріп жатады», - деп атап өтті.

  

 

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика