Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған қалалық деңгейіндегі онкүндіктің мектепшілік іс шаралары .

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Іс –шараның атауы 

Өткізу формасы

Сыныптар

Өткізу мерзімі

Жауапты мұғалімдер 

1

 Салтанатты ашылуы

 Сырттай виртуалды саяхат

Көрме (мектеп кітапханасында)

Абайдың Жидебайдағы мұражай -үйіне сырттай виртуалды саяхат

9,10 сыныптар

30.09.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Баисеева А.Е., Сактаганова Ж.Х., Мақсұт А.А.

2

Суреттер сайысы

Суреттер сайысы «Абай дара –Абай дана қазақта»

5 сыныптар

01.10.

Кадирова С. С.,Бекетова А.Ф.,Аманбаева А.У.,

Сабыкова Г.Қ.,Мақсұт А.А.

3

Көркем эссе сайысы

« Әлемге танылған – ұлы Абай»  көркем эссе сайысы

8,11 сыныптар

02.10.

Дуйсембаева Г.Т., Муханова С.К.,

Баисеева А.Е., Сактаганова Ж.Х.

4

« Абай әлемі»

Видео-презентациялар

3 сыныптар

05.10.

Шотояхова Х.Ж.

Конысбаева Р.С.

5

Викторина сайысы

«Абай –дана, Абай- дара қазақта»

4 сыныптар

06.10.

Кусаинова У.Р., Танатканова С.С., Убыкина Д.А.

6

Өлеңдер сайысы

«Өлең-  сөздің патшасы, сөз сарасы »

6,7 сыныптар

 07.10.

Ибраева А.С., Есетова Р.Е., Кадирова С.К., Сабыкова Г.Қ., Бекетова А.Ф., Мақсұт А.А., 

7

«Кел,шырқайық» караоке сайысы

«Әлемге танылған – ұлы Абай»   әндер байқауы

8 -11 сыныптар

08.10.

Дуйсембаева Г.Т., Муханова С.К.

7

«Абай мұрасы – халыққа аманат» тағылымдық кеш.

Абайдың қара сөздері

Қалалық

09.10.

№ 16 орта мектеп , № 2 мектеп-лицей ұстаздары

9

 Абайдың әндеріне челендж

Абайдың әндері

Мектепшілік

12.10

Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімдері

10

Мәнерлеп оқу

Оңкүндіктің салтанатты жабылуы.

«Асыл сөзді іздесең,

 Абайды оқы ерінбе…»

  2 сыныптар

13.10.

Нуркина Б.А., Бутагарина А.Е.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

   

Онкүндік барысында жоспарланғандай әдістемелік бірлестік мұғалімдері сабақтан тыс іс-шараларды ойдағыдай жүзеге асыруда. Қазақтың Абайдай ұлы ақынына басын иіп бұл шараға мұғалімдер мен қатар оқушыларда белсенді ат салысты.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  жетекшілігімен кітапханамызда көрме ұйымдастырылды,  9, 10 сыныптарға Абайдың Жидебайдағы мұражай -үйіне сырттай виртуалды саяхат болды.  

Бұл саяхаттың басты мақсаты: Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов туралы алған білімдерін бұрынғыдан да тереңдету, Абай шығармаларын насихаттау, ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай – үйі туралы толық мәлімет алу. Сондай - ақ  Мұхтар Әуезов «Абай жолы» шығармасының шығу тарихымен де таныстыру. Абай мен Мұхтар шығармаларын оқыта отырып жас өспірімдерді рухани – эстетикалық талғамын дамыту, бүкіл әлемге танымал ұлы – ақын жазушыларымыздың өмірімен таныстыра отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.        

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері :  Кадирова С. К, Бекетова А.Ф, Аманбаева А.У, Сабыкова Г.К , Мақсұт А.А  5 -сыныптар арасында сыныптан тыс «Абай дара –Абай дана қазақта»  атты суреттер сайысын өткізді.

5-ші   сыныптар арасында суреттер сайысының  нәтижелері:

1 орын – 5 «Б» сынып оқушысы Громова Екатерина .

Қалалық суреттер сайысында Громова Екатерина І орынға ие болды.

  
2 орын - 5 «Б» сынып оқушысы  Увалиева Амина

3 орын -  5 «Г» сынып оқушысы  Умнова Юлия

 

Сонымен қатар 8, 11 сыныптар арасында «Әлемге танылған – ұлы Абай» көркем эссе сайысы өткізілді. Бұл эссе сайысына 5 оқушы қатысты. Көркем эссе сайысының нәтижесі бойынша І орынға ие болған -11 сынып оқушысы Копжасарова Айша, ІІ орын – Исмаилова Адина, ІІІ орын – Булатова Дарина. 3 сыныптартар арасында Видео-презентациялар, 8 сыныптар арасында, «Кел, шырқайық» караоке сайысы өткізілді.

4 сыныптар арасында «Абай –дана, Абай- дара қазақта» атты викторина сайысы өз мәрелеріне жетті. Іс-шара өте қызықты өтті. Оны 4 «Е» сыныбының оқушысы Наурызбаева Ясмин Абай шығармашылығының маңыздылығы туралы Жұмағали Алмабаевтың өлеңін оқып ашты. Викторинаға Сүлейменов Никита 4 «А» сыныбы, Гаврилец Родион 4 «В» сыныбы, Қойшыбаев Алишер, Ибраев Ералы 4 «Б» сыныбы, Масленко Таисия, Грин Яна 4 «Г» сыныбы, Дружков Сергей, Парасовский Никита 4 «Д» сыныбы, Наурызбаева Ясмин, Васиева Кристина 4 «Е» сыныбы оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті, сөзжұмбақты шешіп, Абай шығармашылығы бойынша сөйлемдерді толықтырды

  

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» қашықтық форматында, 7-сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты - Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау, нығайту, патриоттық сезімін арттыру. Сайысқа 8 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен - Сақтағанова Ж.Х., Байсеева А.Е.: 1 орынды - «Әсемпаз болма әрнеге» -7 «Г» сынып оқушысы  Гуцало Алексей иеленді. Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

   

Абай өлеңдерін жас ұрпаққа насихаттау, көркем сөз оқу шеберлігіне баулу мақсатында 6-шы сынып оқушыларының арасында «Өлең-сөздің патшасы , сөз сарасы» атты өлеңдер сайысы ұйымдастырылды.

 Сайыс жеңімпаздары: ІІІ орын – Канатова Г (6 «Г»).

I орын - Альмагамбетова Д (6 «Д» сынып)

ІІ орын –Абаева А ( 6 «Б» сынып)

ІІІ орын – Канатова Г (6 «Г»).

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған, қалалық  деңгейде  өтететін онкүндік іс-шаралар да белгілі бір жоспарда ұйымдастырылуда. Осыған орай мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушы Громова Екатерина «Абай шығармаларына сурет» атты сайысқа қатысып 1-ші жүлделі орынға ие болды. /Абайдың жыл мезгілдері/

Сондай–ақ ZOOM платформасында  өткізілген , Абай әндерін насихаттауға арналған қалалық  «Екі жұлдыз» атты байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нуркина Б.Ә жетекшілігімен қатысқан 6 «Г» сынып оқушысы Бабаджанян Лусине 2-ші орынды  иеленді.

 

ZOOM платформасында  өткізілген, қалалық «Абай мұрасы – халыққа аманат» тағылымдық кеште «Абайдың қара сөздері» атты тақырыппен біздің мұғалімдер де өз ойларымен бөлісті. Мұғалімдер: Дүйсембаева Г.Т., Бутагарина А.И., өз баяндамаларымен таныстырды.

 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған қалалық деңгейіндегі онкүндік, Абайдың әндерінен челенджге қатысумен тәмәмдалды. Бұл қалалық конкурста 2 орынға ие болдық. Абайдың әндерін нақышына келтіріп орындаған,  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімдеріне алғысымыз шексіз.

 

 

 

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика