«My toy. Sports. I like…» ашық сабағы
- Толығырақ
- Құрылды Сәрсенбі, 28 Қаңтар 2026 20:14
- Қаралды: 20
28 қаңтар күні 3 «А» сыныбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Петренко Е. И. «My toy. Sports. I like…» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілін тек тапсырмалар арқылы ғана емес, сонымен қатар интерактивті ойындар арқылы да меңгерді. Сабақтың ерекше бөлігі — жасанды интеллект элементінің қолданылуы болды: мультфильм кейіпкері сабақтың барлық кезеңдерінде балаларға серік болып, тапсырмаларды орындауға көмектесіп, оқу үдерісін одан әрі қызықты әрі жандандыра түсті.
Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, сабақ барысында алған білімдерін көрсетті. Сабақ мазмұнды, қызықты және танымдық деңгейде өтті. Балалар белсенді қатысып, ағылшын тілін қолдануда сенімділіктерін танытты.

_150x113-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)