Қазақ тілі мен әдебиет әдістемелік бірлестігінің апталығы

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдстыруымен сәуір  айының  13-сі мен 17- сі аралығында «Абай Құнанбаевтың  175 жылдығы» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді.

Абай Құнанбаев 175 жылдығына байланысты қазақ тілі мен әдебиеті апталығын  өткізу жоспары

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Іс –шараның атауы

Наименование мероприятия

Өткізу формасы

Форма проведения

Сыныптар

Классы,

параллель

Өткізу мерзімі

Дата проведения

Жауапты мұғалім

Ответственный учитель

1

 Сырттай виртуалды саяхат

 

Абайдың Жидебайдағы мұражай -үйіне сырттай виртуалды саяхат

9,10,

сыныптар

 

 

15.04.20

Ибраева М.Д.,

Баисеева А.Е.,

Сактаганова Ж.Х., Дуйсембаева Г.Т.

2

Суреттер сайысы

Суреттер сайысы «Абай дара –Абай дана қазақта»

5 сыныптар

16.04.20

Кадирова С. С.,

Бекетова А.Ф.

3

Эссе байқауы

«Әлемге танылған – ұлы Абай»  эссе байқауы

8 сыныптар

16.04.20

Сактаганова Ж.Х.,

Баисеева А.Е.

4

Ірге газеттерінің сайысы.

Фотоколлаж.

«Абайдың өлеңдерінде табиғат лирикасы»

9,10, сыныптар

17.04.20

Ибраева М. Д.,

Сактаганова Ж.Х.,

Баисеева А.Е.

5

Мәнерлеп оқу сайысы

«Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе..»

6 сыныптар

17.04.20

Есетова Р.Е.,

Ибраева А.С.

6

Көркем эссе сайысы

«Ұлы Абайдың шығармашылық өмірі» көркем эссе сайысы

7 сыныптар

17.04.20

Муханова С.К.,

Дуйсембаева Г.Т.

Апталық барысында әдістемелік бірлестік мұғалімдері  сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді.  Іс - шараларда әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Апталықтың бірінші күні  «Абайдың Жидебайдағы мұражай -үйіне сырттай виртуалды саяхат»  атты  іс – шарамен басталды.  (Путешествие в дом – музей Абая Кунанбаева в Жидебай)

 Бұл саяхаттың басты мақсаты: Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов туралы алған білімдерін бұрынғыдан да тереңдету, Абай шығармаларын насихаттау, ұлы ақынның Жидебайдағы мұражай – үйі туралы толық мәлімет алу. Сондай - ақ  Мұхтар Әуезов «Абай жолы» шығармасының шығу тарихымен де таныстыру. Абай мен Мұхтар шығармаларын оқыта отырып жас өспірімдерді рухани – эстетикалық талғамын дамыту, бүкіл әлемге танымал ұлы – ақын жазушыларымыздың өмірімен таныстыра отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Апталықтың екінші күні қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері   Кадирова С. К, Бекетова А.Ф  5 -сыныптар арасында сыныптан тыс «Абай дара –Абай дана қазақта»  атты суреттер сайысы  өткізілді. (Конкурс рисунков 5 –е классы)

                                        

Бұл іс – шараның мақсаты: оқушыларды қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.  Ұлы ойшыл Абайдың ғибратты туындыларын және асыл да рухани мұраларын жастарға кеңінен насихаттау.

5  сыныптар арасында суреттер сайыстың нәтижелері  :

1 орын – 5 «Г» сынып

2 орын - 5 «А» сынып, 5 «Б» сынып

3 орын -  5 «Д» сынып , 5 «В» сынып

 

Мұғалімдер Есетова Р.Е, Ибраева А.С . 6- шы сыныптар арасында  «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізді. (Конкурс стихотворений  Абая Кунанбаева)

Мақсаты: Абайдың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген  қызығушылығын арттыру, өлеңдерін  мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің  тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың  өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру,  ізденімпаздық қасиеттерін  қалыптастыру,  Отанды сүюге, адамгершілікке,  өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу. 

                      

Әділқазылар шешімі бойынша:

1 бөлім  «Өлең сөздің патшасы ,сөз сарасы»  атты мәнерлеп оқу сайысы бойынша :

1 орын- Гуцало Алексей- 6 « Г»,Ибраева Арайлым – 6 «А», Нүрпейісов Батыржан- 6 «Б

2 орын- Бер Денис -6 «Д»,Волкогон Роман 6 « Г»,Политкова Яна 6 « В»

3 орын-Акмалов Александр-6 «А»,Пархоменко Александра 6 « Г» , Казымбекова Ясмин 6 «Д»

2 бөлім  «Көңілім енді ұғады» өлең сайысы бойынша:

1 орын- Абдыкаримова  Аружан – 6 « Г»

3 бөлім-«Абайдың шығармашылығы» плакат,сурет сайысы бойынша:

1 орын- Лагутина Елена -6 « Г»

2 орын-Шмырева Полина - 6 « В»

3 орын- Нижегородова Наталья - 6 «Б»

Бримбаева Лаура -6 «Д», Ибраева Арайлым – 6 «А»

Мәнерлеп оқу сайысы жоғары деңгейде өтті.

Мұғалімдер Дуйсембаева Г.Т, Муханова С.К. «Ұлы Абайдың шығармашылық өмірі» көркем эссе сайысы өткіізді. (Конкурс эссе)

Бұл сайысқа 7 – ші сынып оқушылары белсенді қатысты: Булатова Дарина , Домашевич Юлия, Никогосян Соня, Окасова Камиля, Утемисова Диана . Бұл сайыстың нәтижелері :

 

1 орын: Окасова  Камиля

2 орын: Домашевич  Юлия

3 орын:Никогосян Соня

Сактаганова Ж.Х. Баисеева А.Е. 8 –ші сыныптар арасында  «Әлемге танылған – ұлы Абай»  эссе байқауы өткізілді.  (Конкурс на лучшее эссе)

 Байқауға  8 «А»,  8«Б», 8 «В»

сынып оқушылары қатысты. Сайыстың нәтижелері:

1 орын –  Ахметчин Тимур  8 «А» сынып, Бикешева Аяна 8 «Б» сынып

2 орын – Казбекова Дана  8 «Б»  сынып, Джантасова Томирис  8 «А» сынып

3 орын – Рагимова Эльвина 8 «В» сынып, Блисова Карина 8 «А» сынып

 

Мұғалімдер: Сактаганова Ж.Х, Баисеева А.Е, Ибраева М.Д.

 9 -10 сыныптар арасында   «Абайдың өлеңдерінде табиғат лирикасы» атты ірге газеттерінің сайысы  өткізді. Сайысқа 9 – шы,  10  – шы сынып оқушылары қатысты. (Конкурс газет на тему Лирика природы в произведениях Абая Кунанбаева)

Мақсаты: Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Абай ұлылығын терең сездіру, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

 

Бұл  сайыстың  нәтижелері:

1 орын –  Кляузер Ева  9  «А» сынып, Мустафа Мурсал  9 «В» сынып

2 орын –  Рыжкова Арина 9 «А» сынып

3 орын –  Поляков Владислав   9 «Б » сынып

Оқушылар сайысқа өте жоғары деңгейде дайындалды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды қазақтай дана, Абайдай дара елдің ұрпағы екендіктерін сездіре отырып, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.

Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараларды дайындау кезінде оқушылардың жас және жеке қабілеттері ескерілді.

Добавить комментарий

Запрещается оскорбления, унижение чести и достоинства, разжигание межнациональной розни, употребление нецензурных выражений и публикация комментариев нарушающих действующее законодательство Республики Казахстан.


Защитный код
Обновить

Яндекс.Метрика