Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Толығырақ
- Құрылды Сейсенбі, 01 Қыркүйек 2020 16:30
- Қаралды: 4846
Кеңес мақсаты: «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II Заңын орындау, кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыру, оларға адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін дарыту. Алдын алу кеңесі құқық бұзушылықтың алдын алу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.
Алдын алу Кеңесі қызметінің міндеттері:
- оқушылар арасындағы құқық бұзушылық проблемаларының жай-күйіне мониторинг жасау;
- құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйені құру және жұмысты ұйымдастыру;
- кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуына, олардың қылмыс, құқық бұзушылық, қоғамға жат іс-әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
- әлеуметтік қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-педагогикалық оңалту;
- кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе қоғамға қарсы қызметке тарту жағдайларын анықтау және жолын кесу.Толығырақ... Add new comment